Меню KDT
RU / KZ

Мектеп жаңалықтары

«№ 12 балабақша – бастауыш мектеп» кешені» КММ-де 2019-2020 оқу жылына жоспарланып өткізілген іс-шаралары

«№ 12 балабақша – бастауыш мектеп» кешені» КММ-де 2019-2020 оқу жылына жоспарланып өткізілген іс-шаралары
1 қыркүйек 2019 жылы «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты салтанатты жиын өтті.

Тамыз-қыркүйек айларында «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Мектептің аз қамтылған көп балалы отбасы балаларына, яғни 75 оқушы құны 30 000 (отыз мың) теңге тұратын сертификатпен қамтамасыз етілді, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар төртеу. Жағдайы өте мұқтаж 42 балаға мектеп құралдары, сумка, кеңсе заттары берілді.

Оқушының өмірінің қауіпсіздігі тақырыбында сынып сағаттары өтті. Алтын күз тақырыбында көңілді мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Қараша айнанан бастап айына бір рет 2 дүркін Олимпиаданың чемпионы мектепке келіп «Таңғы жаттығу» өткізуде.

ҚР Бірінші президенті күніне салтанатты саптүзеу және сынып сағаттары өтті.

Бірінші желтоқсан Тұңғыш Президенті күніне орай оқушылармен өткізілген іс-шараға қатысқан қонақтар: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиясының филормониясының «Халық әні» бөлімінің көркемдік жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері Сыздықов Сейсенбай Жолдыбаевич, ҚР мәдениет қайраткері, Ерен еңбек медалі иегері, Елорда қуыршақ театрының негізін қалаушы Бейсенбаев Досымхан және Жастар театрының БАҚ бөлімінің басшысы киноактер Жуасбек Ернар Еркінұлы.

16 желтоқсанда тәуелсіздік күніне арнап сынып сағаттары және салтанатты саптүзеу өткізілу жоспарланып отыр.


Просмотров: 52

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь